права
34 вопросов/35 слайдов
права

Создайте викторину
Создавайте интерактивные викторины с вопросами и ответами в реальном времени. Удерживайте внимание аудитории с помощью мгновенной обратной связи и живых таблиц лидеров. Используйте AI помощника для быстрого и легкого создания викторин.

Проведите игру-викторину в реальном времени
Проводите игру в реальном времени и наблюдайте, как ответы появляются мгновенно. Отслеживайте результаты каждого участника, объявляйте победителей и поздравляйте лучших. Присоединиться можно, отсканировав QR-код или введя код игры.
ИССЛЕДУЙТЕ БОЛЬШЕ ВИКТОРИН
ВОПРОСЫ В ЭТОЙ ВИКТОРИНЕ
«Бөлу жолағы» - бұл:
- А.Бір қатарда көлік құралдарының жүруі үшін жеткілікті ені бар жүру бөлігінің жолағы.
- В. Өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі.
- С. Жолдың аралас жүру бөлігін бөлетін және жолды елді мекеннен тыс кесіп өткен кезде жаяу жүргіншінің мәжбүрлі тоқтауын қоспағанда, рельссіз көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне және тоқтауына арналмаған конструкциялық бөлінген элементі.
Тәуліктің кез келген уақытында танылатын және көрінетін (тиісті куәлігі мен жабдығыбар, сондай-ақ жолдағы жүрісті басқару бойынша реттеу іс-әрекеттерін орындауға уәкілетті) «реттеуші»:
- А. Әскери полиция қызметкері немесе жол- коменданттық бөлімшенің әскери қызметшісі.
- В. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі көліктік бақылау органдарының қызметкері.
- С. Ішкі істер органдарының қызметкері.
- D. Жоғарыда аталғанның барлығы.
- Е. Жол-пайдалану қызметінің қызметкері, теміржол өткеліндегі, паром өтпесіндегі кезекші.
Бұл қиылыстағы жол жүру бөлігінің қиылыстарының саны қанша?
- A. 1.
- B. 2.
- C. 4.
«Жүруге кедергі» - бұл:
- А. Кептеліс немесе Ережелер талаптарына сәйкес осы жүру жолағында аялдаған көлік құралы.
- В. Оның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және көлік құралының жылдамдықты және (немесе) маневр жасауын өзгертуді талап ететін кенеттен өзгерістер.
- С. Осы жолақ бойымен жүруді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жүру жолағындағы қозғалмайтын объект.
Сізге осы жағдайда оңға бұрылуды орындауға кірісуге рұқсат етіледі ме?
- А. Рұқсат етіледі.
- В. Рұқсат етіледі, егер бұл жүк көлікке кедергі туғызбаса.
- С. Рұқсат етіледі, егер жүк көлік жүргізушісі дыбыстық сигнал берген болса.
«Автомагистраль» - бұл:
- А. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалуына жайғасытырлған және пайдаланылатын жасанды құрылыстың беті.
- В. Көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы өтуге болады.
- С. Өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі.
«Жүргізуші» бұл:
- А. Көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал, табын, жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы.
- В. Көлік құралында болатын және оны басқармайтын адам.
- С. Мүгедектер арбасында қозғалатын, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші жеке тұлғалар.
«Жеткіліксіз көріну» - бұл:
- А. Тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 300 метрден кем көрінуі.
- В. Тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 400 метрден кем көрінуі.
- С. Тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 350 метрден кем көрінуі.
Төмендегілердің қайсысы «озып шығу»терминіне сәйкес келеді?
- А. Көлік құралын қарсы келе жатқан көліктің жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүргізу.
- В. Өтпелі жолаққа шығумен байланысты қозғалмайтын көліктің айналма жолы.
- С. Көлік құралының бір бағытта, көрші жолақпен жүріп келе жатқан көлік құралының жүріс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі.
«Тротуар» бұл:
- А. Жолдың жүру бөлігінің жиегі (немесе бордюр тасы) мен шеті арасында онымен бір деңгейдегі топырақты немесе жабынмен бекітілген жолақ.
- В. Жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі.
- С. Рельссіз көлік құралдарының жүрісіне арналған жол бөлігі.
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес мотоциклге жол беруге міндеттісіз бе?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Иә, өйткені мотоцикл оң жақтан келеді
Мына жолдың неше жүру бөлігі бар?
- А. Бір.
- В. Екі.
- С. Төрт.
Қызыл түсті жеңіл автокөлік жүргізушісі жасаған маневр қалай аталады?
- А. Басып озу.
- В. Айналып өту.
- С. Қатар ауыстыру.
- D. Озып шығу.
Жолдың жүру бөлігінің жиегі (шеті) сипатталған суретті көрсетіңіз?
- А. І сурет.
- В. ІІ сурет.
- С. ІІІ сурет.
- D. Барлық суреттерде.
Жүк автокөлігіне жол бересіз бе?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Иә, өйткені жүк автокөлігі оң жақтан келеді
“Жол беру" талабы нені білдіреді?
- А. Егер бұл оған қатысты басымдыққа ие басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жүру бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүрлейтін болса, жол жүрісіне қатысушы қозғалысты бастамауға, қайта жүрмеуге, жалғастырмауға немесе қандай да маневрді жүзеге асырмауға тиіс.
- В. Жүргізушілер «Жол беріңіз» жол белгісі болған кезде ғана көлік құралын тоқтатуы керек.
- С. Басқа жол қозғалысына қатысушыларды өткізу үшін жүргізушілер міндетті түрде тоқтауы керек.
«Рұқсат етілген ең жоғарғы масса» - бұл:
- А. Экипажсыз, жолаушысыз және жүксіз, бірақ толық отын қоры және қажетті құрал-саймандар жиынтығы бар көлік құралының массасы.
- В. Жүк тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылары бар массасы.
- С. Жасаушы-кәсіпорын ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, көлік құралының жүк тиелген, жүргізуші мен жолаушылары бар массасы.
«Маршруттық көлік құралы» бұл:
- А. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автобустар, троллейбустар, трамвайлар.
- В. Жолаушыларды тасымалдауға арналған жалпы пайдаланымдағы көлік құралы.
- С. Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері аялдамалары) бар белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланудағы көлік құралы (автобус, троллейбус, трамвай).
Бұл қиылыс тең мағыналы болып саналады ма?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Иә, басымдық белгілері орнатылғандықтан.
«Жол жиегі» - бұл:
- А. Тікелей жүріс бөлігіне жалғасатын және жердің үстіңгі қабатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалысын ұйымдастыруға, сондай- ақ төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға арналған жол элементі.
- В. Жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі.
- С. Рельссіз көлік құралдарының жүруіне арналған жол элементі.
Жол белгілерінің қай суреттерінде басты жолды білдіреді?
- А. І суретте.
- В. І және ІІ суреттерде.
- С. І және ІV суреттерде.
- D. I, III және IV суреттерде.
- Е. Барлық суреттерде.
Көрсетілген жол учаскесінде қанша журу жолағы бар екенін көрсетіңіз:
- А. Бір.
- В. Екі.
- С. Үш.
- D. Төрт
- Е.Бес.
Осы жағдайда Сіздің тоқтауыңыз мәжбүрлі болып табылады ма?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Иә, тек күннің жарық уақытында.
«Аялдау» - бұл:
- А. Жүргізушінің (жолаушының) күйіне немесе жолда кедергілердің тууына байланысты көлік құралының жүрісін тоқтату.
- В. Жол жүрісін ұйымдастырумен негізделген көлік құралының жүруін тоқтату.
- С. Көлік құралының жүрісін бес минутқа дейін немесе егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату.
Басты жол қай суретте бейнеленген?
- А. І суретте.
- В. І және III суреттерде.
- С. І және IV суреттерде.
- D. I, III және IV суреттерде.
Қай суретте бөлу жолағы бар жол сипатталған?
- А. Тек сол жақта.
- В. Тек оң жақта.
- С. Екеуінде де.
Сіз тура бағытта жүріп келе жатып, Жол қозғалысы ережелер бойынша, жүк автокөлікке жол бересіз бе?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Иә, өйткені жүк автокөлігі оң жақтан жақындап келеді.
«Жол-көлік оқиғасы» - бұл:
- А. Көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне әкеп соқтырған оқиға.
- В. Көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен болған, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соқтырған оқиға.
- С. Көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге материалдық залалға әкеп соққан оқиға.
Ереженің елді мекендерге қатысты талаптары қай жерден бастап әрекет етеді?
- А. Ақ фондағы «Елді мекеннің басталуы» жол белгісі орнатылған жерден ғана.
- В. Ақ немесе көк фонда елді мекеннің атауы жазылған жол белгісі орналасқан жерден.
- С. Жолға тікелей жақын салынған аумақтың басында.
Бұл қиылыс тең мағыналы болып саналады ма?
- А. Иә.
- В. Жоқ.
- С. Жоқ, басымдық белгілері орнатылмағандықтан.
«Автопойыз» бұл:
- А. Бір жүріс жолағында тікелей бірінің артынан бірі қозғалатын көлік құралының тобы.
- В. Тіркемеге тіркелген механикалық көлік құралы.
- С. Тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы
«Шектеулі көріну» термині нені білдіреді?
- А. Жүргізушіге жергілікті жердің бедерімен, жолдың геометриялық параметрлерімен, өсімдіктермен, салынған үйлермен, құрылыстармен немесе өзге де объектілермен, оның ішінде көлік құралдарымен шектелген жүріс бағытындағы жолдың 100 метрден кем көрінуі.
- В. Жүргізушінің жолды көру мүмкіндігі тұманда, жаңбырда, қарда, сондай-ақ кешқұрым уақытта 300 м- ден аз.
- С. Жүргізушінің түнгі уақытта жолды көру мүмкіндігі 150 м-ден аз.
- D. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда жолдың жүргізушіге көрінуі
”Кедергі" ұғымына не жатпайды?
- А. Жүріс бөлігінің ақауы.
- В. Кептеліс немесе Ереже талаптарына сәйкес осы жүру жолағында тоқтаған көлік құралы.
- С. Осы жолақ бойымен жүруді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жүру жолағындағы қозғалмайтын объект.
Тротуарлар мен жол жиектері жолдың бөлігі болып табыла ма?
- А. Болып табылады.
- В. Тек жиегі болып табылады.
- С. Тротуарлар ғана болып табылады.
- D. Болып табылмайды.
права
