R.A
10 вопросов/10 слайдов

Создайте викторину
Создавайте интерактивные викторины с вопросами и ответами в реальном времени. Удерживайте внимание аудитории с помощью мгновенной обратной связи и живых таблиц лидеров. Используйте AI помощника для быстрого и легкого создания викторин.

Проведите игру-викторину в реальном времени
Проводите игру в реальном времени и наблюдайте, как ответы появляются мгновенно. Отслеживайте результаты каждого участника, объявляйте победителей и поздравляйте лучших. Присоединиться можно, отсканировав QR-код или введя код игры.
ИССЛЕДУЙТЕ БОЛЬШЕ ВИКТОРИН
ВОПРОСЫ В ЭТОЙ ВИКТОРИНЕ
Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің негізгі кезеңдері қайсы?
- Мекемеде, жеке архивте және кітапханад
- Іс жүргізу барысында, ведомстволық архивте және мемлекеттік архивте
- Мекемеде және сот органдарында
- Тек мемлекеттік архивте және Ұлттық кітапханада
Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің негізгі мақсаты қандай?
- Құжаттардың барлығын мемлекеттік архивке өткізу
- Құжаттардың авторларын анықтау
- Құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу, сақтау мерзімдерін белгілеу және құндылығын жоғалтқан құжаттарды жоюға бөлу
- Құжаттарды тек сыртқы белгілеріне қарай топтастыру
Қандай жағдайда ұйымның бұрынғы және кейінгі құжаттары бір архивтік қор құрамында сақталады?
- Ұйым толығымен жойылып, орнына басқа ұйым құрылғанда
- Ұйымның атауы, құрылымы немесе ведомстволық бағыныстылығы өзгергенімен, негізгі функциялары түбегейлі өзгермегенде
- Ұйымның орнына қызметі мүлдем басқа мекеме құрылғанда
- Ұйым жаңа құқықтық мәртебеге ие болғанда
Іс парақтарын нөмірлеу қандай тәртіппен жүзеге асырылады?
- Көк сиямен сол жақ төменгі бұрышқа
- Қара сиямен сол жақ жоғарғы бұрышқа
- Қарындашпен оң жақ төменгі бұрышқа рим цифрларымен
- Қара қарындашпен оң жақ жоғарғы бұрышқа араб цифрларымен
Құжаттарды архивке тапсыруға дайындау кезінде істерді қалыптастыру талаптарының сақталуы неліктен маңызды?
- Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, жүйелеу және қажетті ақпаратты жылдам табу үшін
- Құжаттарды сақтау мерзімін өздігінен ұзарту үшін
- Істерді сыртқы жағынан біркелкі көрсету үшін
- Құжаттарды тексеру жұмысын тоқтату үшін
Құжаттарды архивке тапсыру кезінде ішкі тізімдеме мен куәландыру парағының қызметтік айырмашылығы қандай?
- Куәландыру парағы тек электрондық құжаттарға толтырылады
- Ішкі тізімдеме құжаттардың сақталу мерзімін белгілейді, ал куәландыру парағы олардың авторын анықтайды
- Ішкі тізімдеме істегі құжаттарды сипаттайды, ал куәландыру парағы істегі парақтардың саны мен нөмірлену ерекшеліктерін көрсетеді
- Екеуі де тек құжаттардың авторын анықтайды
Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу кезінде тарихи принципті қолданудың мәні неде?
- Құжаттарды белгілі бір тарихи кезеңнің қоғамдық-саяси жағдайымен және даму ерекшеліктерімен байланыстыра бағалау
- Құжаттарды тек қазіргі заман талабына сай қарастыру
- Құжаттардың сыртқы көрінісін ғана бағалау
- Құжаттарды тек жасалған жылына қарай іріктеу
Құжаттардың сыртқы ерекшеліктері бойынша құндылығын бағалау кезінде қандай белгілер ескеріледі?
- Құжаттың тек сақталған орны
- Құжаттың тек парақ саны
- Құжаттың жасалу тәсілі, материалдық негізі, безендірілуі, қолтаңбалары мен мөрлері
- Тек құжаттың мазмұны мен тақырыбы
Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің үш кезеңнен тұруы қандай қажеттіліктен туындайды?
- Құжаттарды бірнеше рет көшіріп алу қажеттілігінен
- Әр архивтің жеке ережелерін енгізу мақсатынан
- Құжаттарды іс жүргізу кезеңінен бастап мемлекеттік архивке қабылдауға дейін бірнеше деңгейде бағалау қажеттілігінен
- Құжаттарды тек ведомстволық архивте сақтау қажеттілігінен
Архивті толықтыру көздері неше негізгі топқа бөлінеді?
- 2 топқа
- 5-топқа
- 8-топқа
- 4-топқа
